Алматының жаңа әкімі тұрғындарға үн қатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының жаңа әкімі тұрғындарға үн қатты Фото: Алматы әкімдігі

Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарға үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарға үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дархан Сатыбалды алматылықтарды қаланы бірге көркейтуге шақырды. Қала әкімі Instagram парақшасында алғашқы жұмыс күнінде Мемлекет басшысы қабылдағанын жазды.

"Президент қала дамуына қатысты нақты тапсырмалар берді: тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді жаңғырту, жол-көлік жүйесін жақсарту және экологиялық мәселелерді шешу", - деді ол.

Оның айтуынша, әкімдіктің басты міндеті - әрбір алматылықтың мүддесіне сай қаланың түйткілді мәселелерін шешу.

"Алматылықтардың әл-ауқаты мен жайлы өмірі үшін адал әрі жанашырлықпен еңбек етіп, қаламыздың гүлденуіне бар күшімді салу - мен үшін үлкен мәртебе. Құрметті алматылықтар, тізе қосып еңбек етсек, Алматыны одан әрі көркейте аламыз деп сенемін", — деп жазды Дархан Сатыбалды.

Еске салайық, 2025 жылы 24 мамырда Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды.

Оның орнына Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети