Алматының жаңа бас санитария дәрігері тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының жаңа бас санитария дәрігері тағайындалды

Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматының жаңа бас санитария дәрігері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі -  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бұйрығымен 2022 жылдың 12 қаңтарынан бастап Департамент басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаббарова жаңадан Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері айқындалғанға дейін Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып айқындалды", - делінген хабарламада.

ДСМ аппараты басшысының бұйрығымен 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндеттерін уақытша атқару Департамент басшысының орынбасары Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаббароваға жүктелген. Бұл қызметке ол зейнетке шыққан Жандарбек Бекшиннің орнына келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети