22 маусым 2020 14:13

Алматының Жайлы қалалық орта және мобилділік басқармасының басшылары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Әділов және Сапар Нұрашев Ерлан Әділов және Сапар Нұрашев

Алматының қалалық Мобилділік басқармасының және Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 


Алматының қалалық Мобилділік басқармасының және Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Қала әкімінің өкімімен Ерлан Әділов қалалық Мобилділік басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ерлан Әділов 1976 жылы туған. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Көлік және құқықтану салалары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын жеке ұйымдарда қауіпсіздік қызметінің қызметкері болып бастаған. Көлік саласындағы жұмысы Алматыдағы "№4 автобус паркі" ЖШС техника қауіпсіздігінің инженері болып басталған. 2007 жылы аудандық әкімдіктің қызметкері ретінде мемлекеттік қызметке ауысқан.

2008 жылдан бастап Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жұмыс істеген, көлік бөлімінің маманы болған. Аталған басқармада жұмыс атқарған жылдары мемлекетік қызметтің барлық сатыларынан өткен.

2018 жылдан бастап күні бүгінге дейін қалалық Мобилділік басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Сонымен қатар, қала әкімінің өкімімен Сапар Нұрашев Алматының Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Сапар Нұрашев 1975 жылдың 19 қаңтарында туған. 2001 жылы Алматы технологиялық университетін, ал 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1966 жылы Алматы қаласындағы "Темір агроөндіріс фирмасы" ЖШС директорының орынбасары болып бастаған.

2002 жылдан 2016 жылдар аралығында Алматыдағы "БН Азия Альянс" ЖШС, "Асыл құрылысы" ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

2016 жылдан 2019 жылдар аралығында Алматы қаласы Алмалы ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, бас маман, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Күні бүгінге дейін Жайлы қалалық орта басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети