09 тамыз 2018 | 11:38

Алматының жерасты өтпелі жолдары қалай өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қаланың барлық жер асты өтпелі жолдарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары аяқталуда. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде жаяу жүргінші инфрақұрылымын реконструциялау қарқынын тексеріп, жаңарған жер асты өтпелі жолдарды қарап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қаланың барлық жер асты өтпелі жолдарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары аяқталуда. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде жаяу жүргінші инфрақұрылымын реконструциялау қарқынын тексеріп, жаңарған жер асты өтпелі жолдарды қарап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңарған жер асты өтпелі жолдарға диодты жарық көздері мен қозғалыс құрылғылары, музыка шығаратын дыбыс динамикалары орнатылған. Өтпелі жолдардың төбелері арнайы жанбайтын материалдардан жасалған, қабырғалары ашық әдемі суреттермен безендірілген.

Мысалы, Абай мен Абылайханның бұрылысындағы жер асты өтпелі жолдың қабырғаларына қазақ ақыны және ағартушы Абай Құнанбаевтың нақылдары жазылған. Республика Сарайына қарсы орналасқан жер асты өтпелі жолдың қабырғасында "Жеті қазына" атты қазақ көшпендісінің жеті байлығы көрініс тапқан.

"Қауіпсізі қала" бағыты аясында жер асты өтпелі жолға жаңа сипаттағы бірнеше видеокамералар орнатылған. Оларда жүздерді анықтайтын мүмкіндіктер бар әрі аудандық ішкі істер басқармаларының бақылау жүйелеріне қосылған.

"Биылғы жылы 160-тан астам көше жөндеуден өтті және 600-ден астам аула абаттандырылады. Қаланың тарихи орталығы модернизациялануда. Тек соңғы жылы ғана 800 километр инженерлік желі жаңарды. Әрине, жөндеу жұмыстарының қала тұрғындарына жайсыздық тудыруы мүмкін. Мен олардан сәл ғана шыдамдылық танытуды өтінемін. Көшелерге реконструкция жүргізу кезінде құрылыс ережесін сақтамаған бірқатар ірі құрылыс ұйымдары айыппұл төледі. Барлық жұмыстар сапалы әрі қысқа мерзімде аяқталады. Кейін осы құрылыс компаниялары "құрылыс мәдениетін" игеріп, жөндеу жұмыстарын қала тұрғындарына білдірмей жүргізетін болады", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети