13 наурыз 2015 | 10:36

Алматының жұмыссыз тұрғыны сайлауалды науқанның келесі кезеңіне өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

ҚР президенттігіне ниет білдірген тағы бір адамның Конституция мен "ҚР сайлау туралы" конституциялық заңының талаптарына сәйкес келетіні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР президенттігіне ниет білдірген тағы бір адамның Конституция мен "ҚР сайлау туралы" конституциялық заңының талаптарына сәйкес келетіні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан. 

13 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда алматылық 52 жастағы жұмыссыз азамат Қанат Тұрагелдиевтің Қазақстан президенттігіне үміткерлікке сәйкестігін бекіту туралы қаулы қабылданды. Оған кандидатты қолдайтындардың қолын қою парақтары берілді. 

ОСК сондай-ақ Бақтияр Естемесовті президенттікке үміткер ретінде тіркеуден бас тарту туралы да шешім қабылдады. Ол 12 наурыз күні қазақ тілі емтиханынан өте алмаған еді. 

Еске салайық, Үкіметтің резервінен алдағы сайлауды қаржыландыруға 5 миллиард 414 миллион 211 мың теңге бөлінді. Бүгінде президент сайлауына түсуге барлығы 22 қазақстандық ниет білдірді. 

Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірі күні өтеді. Қазіргі Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сайлауға қатысатынын мәлімдеді, ол 11 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясына өтініш беріп, лингвистика комиссиясының емтиханынан өтті. Сонымен бірге, ҚКХП атынан үміткер Тұрғын Сыздықов, өзін-өзі ұсынушылар - Лимана Қойшиева мен Қанат Тұрагелдиевтер де емтиханды жақсы тапсырды. 2015 жылдың 15 наурызы күні сайлауалды науқанға ниет білдірушілерден өтініш қабылдау мерзімі аяқталады. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети