26 мамыр 2021 | 09:36

Алматының қай аудандарында 1400 үй сүрілетіні анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы таныстырылды. Ескі үйлерді сүру және тұрғындарды көшіру қалай жүзеге асатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы таныстырылды. Ескі үйлерді сүру және тұрғындарды көшіру қалай жүзеге асатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламаны "Алматы" ӘКК" АҚ басқарма төрағасы Асқар Білісбеков таныстырды. Ұсынылған кескінге сәйкес, ескі үйлер сүріліп, олардың орнына көпқабатты жаңа үйлер салынады.

Ол кезде тұрғындар уақытша баспанаға көшіріледі. Құрылыс аяқталғаннан кейін олар 7-10 шаршы метрге артық жаңа пәтер алады. Қалған пәтерлерді инвесторлар сата алады.

2021-2025 жылдар аралығында 708 ескі үйді сүріп, жаңасын салу жоспарланған. Болашақта тағы 709 ескі үйді сүру керек.

"Алматыда ескі үйлердің шоғырлануы айтарлықтай жоғары. Ең маңызды нүктелерді таңдадық. Бұл 1930-1975 жылдар аралығында салынған 1427 үй. Жұмыстар екі кезеңге бөлінді: алдағы жылдары нақты не істеу керек және болашақта не істеуге болады. Бүгінде 708 ескі үйді сүріп, жаңасын салу жоспарланған. Жеке инвестициялар есебінен - 458 үй, оның 280-і бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, бюджеттік қарыз есебінен - 250 үй. Қазіргі уақытта осы бағдарлама бойынша қаржы бөлінген жоқ. Біз Министрлікпен жоспарлар мен пысықтау үдерісі кезеңінде тұрмыз", - деді Асқар Білісбеков.

Ескі үйлерді сүру және ауыстыру барлық тұрғын 100 пайыз келісім бергенде ғана жүзеге асады. Қабаттарға келетін болсақ, шектеулер болады.

"Ғимарат қабаты аумақтың тығыздығына байланысты болады: бес-тоғыз қабат. Тоғыз қабатты үйді техникалық шарттар алғаннан кейін салуға болады, бірақ негізінен бес-алты қабат. Мұның себебі - экономикада, қабат неғұрлым көп болса, соғұрлым қымбат", - деді Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысы Алмасхан Ахмеджанов.

 Бағдарламаның таныстырылымында халықаралық тәжірибе туралы да айтылды: АҚШ, Ресей және Корея.

"Мәскеудегі жөндеу бағдарламасы 15 жылға есептелген және 1957-1968 жылдары салынған 5000-нан аса үйді қамтиды. 4 жыл ішінде 400 миллиард рубльге жуық бюджет қаражаты жұмсалып, 4,1 миллион шаршы метр сүріліп, 1,37 миллион шаршы метр орнына көппәтерлі үйлер салынды. Оңтүстік Кореяда 15 жыл бұрын салынған ғимараттарды жөндеуге рұқсат етілген. Ал АҚШ-та 2 миллионнан аса отбасы көшірілген", - деді Асқар Білісбеков.

"Алматы" ӘКК" АҚ басшысы Асқар Білісбеков Алматы тұрғындарын белсенді қатысуға және талқылауға шақырды, сондай-ақ сынға дайын екенін айтты. Ол мәжбүрлеп бұзу болмайтынын ескертіп, тіпті он адамның біреуі бағдарламадан бас тартса үй сүрілмейтінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети