Алматы қаласының бірнеше ықшам аударында суық су беру уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының бірнеше ықшам аударында суық су беру уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жылыту маусымына дайындық барысында жапқыш-реттеуші құрылғыларды ауыстыру мен оларды қондыру жөніндегі жоспарланған жұмыстарды жүргізу қажет болғандықтан, 24 шілде күні сағат 8:00-ден 25 шілде күні сағат 08:00-ге дейін "Ақкент", "Алғабас" (Атлет ауылы), Алғабас-1, "Алғабас-6", "Ақбұлақ", АЗТМ, "Теректі" "Қалқаман-2" ықшам аудандарында, "Алмалы" ТК, Чуланов көшесі, "Ақкент" қазандығында "Алматы Арена", "Алатау" концерт залында, индустриялық аймақта суық су болмайды", - делінген хабарламада.
"Алматы Су" МКК ұйымы қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша келтірілген ыңғайсыздықтарға түсінікпен қарауларын сұрайды.