Алматының комендатурасы қалалықтарға үндеу жасады

Алматының комендатурасы қалалықтарға үндеу жасады Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматының комендатурасы қалалықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының комендатурасы қалалықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және экстремизмге қарсы күрес бойынша операциялардың жалғасуына байланысты автокөлік иелерінен Төле би, Райымбек және Абай даңғылдарын, сондай-ақ қала орталығын айналып өту жолдарын жоспарлауды сұраймыз.

Сондай-ақ, қала тұрғындарынан қазіргі уақытта серуендеуден және қоғамдық орындарға барудан бас тартуды сұраймыз. Бұл шаралар сіздің жеке қауіпсіздігіңіз үшін қабылданды. Құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандыру және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды жалғастыруда. Қауесеттер мен фейктердің орын алуын ескере отырып, барлық қала тұрғындары мен БАҚ-тардан тек ресми ақпарат көздерін пайдалануды және оларға сүйенуді сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Алматы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында коменданттық сағат енгізу туралы шешім қабылданған болатын. Төтенше жағдай 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін енгізіледі. Коменданттық сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін болады. Алматы қаласының Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов комендант болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети