©Тengrinews.kz
Алматы аумағында қоймалар өртеніп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz. Өрт Әуезов және Гоголь көшелерінің қиылысындағы қоймаларда шамамен 15.00-де басталған. Өртенген нысандардың төбесі ішінара опырылды. Жалын сағат 16.03-те ауыздықталып, 16.43-те толық залалсыздандырылған. Өрт сөндірушілер тобы жетекшісінің орынбасары Виктор Коваленконың хабарлауынша, жалынды ауыздықтауға жеке құрамның 80 қызметкері қатысты, 11 негізгі және үш арнайы техника пайдаланылды Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қожайыны әлі анықтала қоймаған қоймаларда арақ-шарап өнімдері сақталған. Мамандар бұл екінші дәрежелі өрт деп отыр. Ал өртенген нысандардың сегізін жалға алып отырған бір әйелдің хабарлауынша, бұл қоймаларда тұрмыстық химия өнімдері сақталған. Олардың құны бірнеше миллиондап саналады. Қазіргі мезгілде өрттің себебі анықталып жатыр. Әуезов және Гоголь көшелерінің қиылысында "Бахус" және Kerama Marazzi компанияларының қоймалары бар екені белгілі. Дегенмен аталған компания өкілдері өздеріне қарасты аумақтарда өрт болмағанын хабарлады. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімінің мамандары болса, өртенген қоймалар «Қарағай» ААҚ-на тиесілі екенін айтты. Бұл нысандарда шаруашылық тауарлары сақталған. Еске сала кетейік, кеше Шымкентте көтерме тауарлар қоймасы өртенген болатын. Жалын 1100 шаршы метрді шарпыған, бұл жерде тағам өнімдері мен автокөлік шиналары жанып кетті.
Алматы аумағында қоймалар өртеніп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өрт Әуезов және Гоголь көшелерінің қиылысындағы қоймаларда шамамен 15.00-де басталған. Өртенген нысандардың төбесі ішінара опырылды. Жалын сағат 16.03-те ауыздықталып, 16.43-те толық залалсыздандырылған.
Өрт сөндірушілер тобы жетекшісінің орынбасары Виктор Коваленконың хабарлауынша, жалынды ауыздықтауға жеке құрамның 80 қызметкері қатысты, 11 негізгі және үш арнайы техника пайдаланылды Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қожайыны әлі анықтала қоймаған қоймаларда арақ-шарап өнімдері сақталған. Мамандар бұл екінші дәрежелі өрт деп отыр.
Ал өртенген нысандардың сегізін жалға алып отырған бір әйелдің хабарлауынша, бұл қоймаларда тұрмыстық химия өнімдері сақталған. Олардың құны бірнеше миллиондап саналады. Қазіргі мезгілде өрттің себебі анықталып жатыр. Әуезов және Гоголь көшелерінің қиылысында "Бахус" және Kerama Marazzi компанияларының қоймалары бар екені белгілі. Дегенмен аталған компания өкілдері өздеріне қарасты аумақтарда өрт болмағанын хабарлады.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімінің мамандары болса, өртенген қоймалар «Қарағай» ААҚ-на тиесілі екенін айтты. Бұл нысандарда шаруашылық тауарлары сақталған. Еске сала кетейік, кеше Шымкентте көтерме тауарлар қоймасы өртенген болатын. Жалын 1100 шаршы метрді шарпыған, бұл жерде тағам өнімдері мен автокөлік шиналары жанып кетті.