1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматының Криминалдық полиция басқармасының басшысы кортеж үшін қызметінен босатылды

Алматы қаласының Криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда төтенше жағдай кезінде блокбекеттен заңсыз өткен бес адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық төрт қымбат көлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Екі адам іздестіріліп жатыр.

Сондай-ақ, министрлік мәліметінше, Криминалдық полиция басқармасының басшысы Зиадин мен патрульдік полиция полк командирінің орынбасары Қуанышбаев қызметінен босатылды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев кеше, 21 сәуірде өткен видеоконференцияда осы жағдайға қатысты пікір білдірген.

"Азаматтарды қауіпсіздік пен құқықтық тәртіппен қамтамасыз ету ішкі істер органдарының негізгі міндеті болып қала береді. Төтенше жағдай режимі мен карантин кезінде ереже бұзуға жол берілмейді, әсіресе жеке құрамдағы қызметкерлерге. Мұны барлығы есте сақтау керек - қатардағы қызметкерлер мен олардың басшылары", - деді министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Доллар арзандады
Доллар арзандады