Алматының ресми атауы сақталады - Президент Тоқаев

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының ресми атауы сақталады - Президент Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындардың Алматының атын өзгерту туралы ұсынысына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындардың Алматының атын өзгерту туралы ұсынысына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында Алматының атын өзгерту және Алма-ата атауын қайтару туралы сұраққа жауап берді. 

"Неге қазір барлық құжатты қайта жасап, шешім қабылдаймыз? Алматы қазақ тілінде сөйлейтіндерге қолайлы. Алма-Ата орыстілділерге ыңғайлырақ. Сондықтан ресми түрде Алматы атауы сақталатынына, қала тұрғындарына ыңғайлы және қаламызға сырттан жылы қарайтындар үшін осылай атала беретініне келісейік. Түптеп келгенде, қытайлар астанасын Байджин деп атайды, ал біз Бейжің деп атаймыз. Әйтеуір, тарихи түрде осылай болды", - деді Президент.

Президенттің сұхбаты "Хабар" және "Хабар 24" телеарналарынан көрсетілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети