27 тамыз 2019 | 09:45

Алматының Саин көшесінде жылдамдық режимі өзгереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Саин көшесінже жылдамдық режимі сағатына 60 шақырымнан 80-ге өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіқалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Саин көшесінже жылдамдық режимі сағатына 60 шақырымнан 80-ге өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіқалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Осыған дейін хабарланғандай, бүгін, 27 тамызда сағат 00.00-ден бастап әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма автомобиль жолында сағатына 80 шақырым жаңа жылдамдық режимі жұмыс істейді. Екі учаскеден басқа - Бағанашыл ықшамауданына бұрылыстан Ходжанов көшесіне дейін және кіші Желтоқсан көшесі деңгейінде, онда апатты және қауіпті бұрылыстардың болуын ескере отырып, сағатына 60 шақырым бұрынғы жылдамдық режимі қалдырылды.

"Осы күндері Саин көшесінде жол жағдайы мен апаттылығына қосымша талдау жүргізілді. Нәтижесінде осы магистральдағы рұқсат берілген жылдамдық режимі сағатына 80 шақырымға дейін өзгеретін болады. "Жол қозғалысы қауіпсіздігі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің камералары техникалық жағынан қайта салынған, жол белгілері жұмыс күнінің соңына дейін ауыстырылады", - деді Алматы қаласы ЖП әкімшілік полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, мегаполис полициясы жол қозғалысы қатысушыларын, сондай-ақ, жүргізушілер құрамына қандай жағдай болмасын Жол жүру ережесін сақтау керектігін және қала көшелерінде өз қауіпсіздігіңізді абай болу керектігін айтады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети