Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматының сейсмикалық картасының бірінші бөлігі 2014 жылдың аяғында дайын болады

02 Маусым 2014, 21:35
0
Алматы қаласы. ©Владимир Прокопенко
Алматы қаласы. ©Владимир Прокопенко

Алматының сейсмикалық картасының бірінші бөлігі 2014 жылдың аяғында дайын болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан сейсмология институтының директоры Танатқан Абақанов айтты.

Сұхбат беруші Алматының жаңа сейсмокартасын жасауды 2012 жылдың қаңтарында, қала көлемі 35 080 гектарды қамтып жатқанда қолға алғандығын айтады. Ол кезде жұмысты 2014 жылға қарай аяқтау жоспарланған. Алайда 2012 жылдың қыркүйегінде Алматы территориясы 11 920 гектар боп кеңейді. Одан кейін 2014 жылдың сәуірінде  Алматыға тағы 23 200 гектар қосылды. Осылайша жаңа территория көлемі 70 200 гектар боп шыға келген.

"Қалаға жаңадан қосылған территориялар сейсмотектоникалық және инженерлік-геологиялық тұрғыда мүлде барланып, зерттелмеген. Сондықтан бір-бірімен тығыз байланысты кешенді жұмыстар күтілуде. Жаңа ұңғыма қазу, топырақты сынақтан өткізу және тағы басқасы" - дейді ол.

Қосымша қаражат пен уақытты талап ете отырып, көбейген жұмысқа байланысты әуелі  сейсмокартаның бірінші бөлігін әзірлеу туралы шешім қабылданды. Ол Алматыдағы Райымбек даңғылының солтүстік бөлігінде орналасқан ықшам аудандардың сейсмикалық мәліметтерін қамтитын болады. Сейсмологтың айтуынша, 2014 жылдың желтоқсанында Алматы сейсмокартасының бұл бөлігі дайын болады.

Алматы сейсмокартасының екінші бөлігін (Райымбек даңғылының оңтүстік тарабы) 2017 жылы құру жоспарланған. Одан кейін осы екі жоспарды бір-біріне қабыстыру керек болады. Ғалымдар өз жұмысына Орталық Азияның Жерді зерттеу институты бөліскен жаңа әдістемені пайдаланады екен. Сондай-ақ Халықаралық геофизикалық орталығы Қазақстанға соны үлгідегі 16 сейсмикалық стансаны ұзақ мерзімге пайдалануға берген. Олар Алматының жаңа территориясы сейсмокартасын жасауға қолданылуда. Бұл картаға сәйкес сейсмологтар Алматыдағы жаңа құрылыстар бойынша кеңес бере алады. 2014 жылғы сейсмикалық болжамдарымен бөлісуде Абақанов Тянь-Шянның солтүстік территориясында күшті әрі жойқын жер сілкінісі болмайтындығына 70 пайыз сенімді екендігін жеткізді. Бұл аумақта әрі кетсе 5,5 балл жер толқуы болуы ықтимал.

Алдында қала әкімдігіндегілер Алматының сейсмикалық картасын жасауға шамамен 1,5 миллиард теңге жұмсалатындығын мәлімдеген. Қолданыстағы карта 30 жыл бұрын жасалып, қазір әбден ескірген. Картаны жаңарту керектігі туралы Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева да мәселе көтерген.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай