08 ақпан 2022 16:00

Алматының Шығыс айналма жолында бір уақытта бірнеше жол апаты болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Шығыс айналма жолының әртүрлі учаскелерінде бір мезетте үш жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Шығыс айналма жолының әртүрлі учаскелерінде бір мезетте үш жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты 8 ақпан күні таңғы сағат 9:30 шамасында тіркелді. Көліктердің бірінші соқтығысуы Расулов ​​көшесінің қиылысында болды. Mercedes тізгіндеген әйел адам Шығыс айналма жолының солтүстік бағытында келе жатып, Chevrolet көлігімен соқтығысқан.

"Нәтижесінде екі көлік те зақымданды. Бақытымызға орай, адамдар зардап шеккен жоқ", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

Екінші жол апаты Шығыс айналма жолындағы 7/5 үйінің жанында болды. Куәгерлердің айтуынша, Toyota жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып, сол бағытта келе жатқан әйел басқарған Toyota Yaris көлігімен соқтығысқан.

"Нәтижесінде адамдар зардап шеккен жоқ, тек көліктер жөндеуді талап етеді", - деп қосты Әзірбек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

Үшінші жол апаты Нұрмағамбетов көшесінің қиылысында тіркелді. Mitsubishi Lancer жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып, Mercedes көлігімен соқтығысқан. 

"Бұл жерде де зардап шеккендер жоқ. Аталған үш факт бойынша да Медеу ауданының полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр", - деп түйіндеді Салтанат Әзірбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 471.89   490.7   5.39 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети