12 қаңтар 2022 | 11:08

Алматының тағы қай аудандары лаңкестерден азат етілді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы 12 қаңтарға дейін қаланың қай аудандары лаңкестерден азат етілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы 12 қаңтарға дейін қаланың қай аудандары лаңкестерден азат етілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары 12 қаңтарда жасаған жедел қорытындыда Алатау мен Медеу аудандарының учаскелері тексерілгені айтылған.

"Жалпы 1 678 заңсыз әрекетке, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқандар ұсталды. 36 атыс қаруы мен 1 476 оқ-дәрі тәркіленді. Қала периметрі бойынша орнатылған бес бақылау-өткізу бекетінде 38 адам ұсталды", - делінген Алматы комендатурасы ақпарат орталығы хабарламасында.

"102" пультіне 881 хабарлама, комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап еткен 136 дабыл түскен. Барлық хабарламалар тексерілгені айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін 10 қаңтарда Сайн - Райымбек - Карьерная - Жандосов көшелерінің аумағы, Абай - Достық - Әл-Фараби - Желтоқсан көшелерінің аумағы қылмыскерлерден тазартылғаны хабарланған болатын. 

11 қаңтарда Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ "Өжет" ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети