Алматының тауларында ірі нысан сүріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда тау бөктеріндегі ірі құрылыс нысаны сот шешімі бойынша бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тау бөктеріндегі ірі құрылыс нысаны сот шешімі бойынша бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, Қыз Жібек көшесі, 25 мекенжайдағы таулы жерде заңсыз салынған құрылысты сүру басталған.

Ауданы шамамен 544 шаршы метр болатын нысанды меншік иесі (жеке тұлға) рұқсат беру құжаттамасынсыз, авторлық және техникалық қадағалауларсыз шаруашылық тәсілмен тұрғызған.

"Басқарма меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 322-бөлігі 1, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ жол берілген бұзушылықтарды жоймағаны үшін нұсқама берілді. Нұсқама талаптарын орындамағаны үшін меншік иесі ҚР ӘҚБтК 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.

Фото: Алматы әкімдігі

2023 жылғы 9 маусымда Медеу аудандық сотының шешімі бойынша, басқарманың нысанды бұзуға қатысты талап арызы қанағаттандырылған, содан кейін меншік иесінің аппеляциялық шағымы бойынша сот талқылаулары жүргізілді.

2023 жылғы 21 қыркүйекте Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Сүру бүгін сот орындаушыларының қатысуымен басталғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети