15 наурыз 2021 09:37

Алматының таулы аймақтарында 20 сантиметрге дейін қар жауды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы тұрғын үй басқармасы баспасөз қызметінен Фото: Алматы тұрғын үй басқармасы баспасөз қызметінен

Алматыда 15 наурызда 5-6 сантиметр, таулы аймақтарда 20 сантиметрге дейін қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 15 наурызда 5-6 сантиметр, таулы аймақтарда 20 сантиметрге дейін қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, 17 наурызға дейін ауық-ауық жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі.

"Үш тәулік бойы қар жауған кезден бастап көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберістеріне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қар тазаланды. 07.30-дағы жағдай бойынша көктайғаққа қарсы 3 920 тонна материал пайдаланылды", - делінген Алматы тұрғын үй саясаты басқармасы таратқан хабарламада.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, жерүсті өткелдері және ортақ пайдаланылатын жерлер тазартылып жатыр.

Таңертеңнен бері қар тазалау жұмысына 564 арнайы техника мен 1 140 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети