“Алматының түндері-ай“ хитінің авторы, ақын Құрманай Бақтиярқызы қайтыс болды

Фото: instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy

Танымал "Алматының түндері-ай" хитінің авторы, ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал "Алматының түндері-ай" хитінің авторы, ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға туралы бүгін белгілі болды. Ақынның парақшасында балалары қайғылы жаңалықты бөліскен жазба пайда болды.

"Анама деген махаббаттарыңызға рахмет", - делінген жазбада.

Реклама
Реклама

Посттың астында ақынның жанкүйерлері көңіл айтты.

"Жатқан жері жайлы болысын", "Қандай қайғылы жаңалық", "Қайғыра көңіл айтамыз", - деп жазды желі қолданушылары.

Құрманай Бақтиярқыз соңғы айларда денсаулығына байланысты күрделі жағдайда болған. Көптеген хиттердің авторы тек поэзиясымен ғана емес, сонымен қатар жүргізуші ретінде де танымал болды. Құрманай 200-ден астам ән жазған, олардың көпшілігін қазақстандық танымал әртістер орындайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама