Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Алматының үздік отбасылары анықталды

22 Мамыр 2014, 14:54
0
Мақсұт және Ольга Жұмаевтар. Фото©Алишер Ахметов
Мақсұт және Ольга Жұмаевтар. Фото©Алишер Ахметов
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов "Мерейлі отбасы" байқауының жүлдегерлерін хабарлап отыр. Фото©Алишер Ахметов
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов "Мерейлі отбасы" байқауының жүлдегерлерін хабарлап отыр. Фото©Алишер Ахметов
Алматылық жанұялар "Мерейлі отбасы" байқауында. ©Алишер Ахметов
Алматылық жанұялар "Мерейлі отбасы" байқауында. ©Алишер Ахметов

Алматыда "Мерейлі отбасы" байқауында үш үздік отбасының ішінде Мақсұт Жұмаевтың да жанұясы аталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Енді Республикалық конкурста Оңтүстік Астананың намысын альпинист Мақсұт Жұмаевтың отбасы қорғайтын болды. Байқауда сондай-ақ, бір шаңырақ астында жарты ғасырдан астам өмір сүріп, гаухар тойын тойлағалы отырған Сұлтанғали Жиенбаев пен оның жұбайы Нұрания Әділшина және «Нысана» театрының әртістері Лиза мен Әбдінасыр Серіковтің отбасы топ жарды.

"Мерейлі отбасы" байқауы аясында Алматының барлық ауданынан екі отбасы іріктеп алынды. Мақсұт Жұмаев пен оның жары Бостандық ауданынан ұсынылған. "Отбасылық өмірімнің әр күнін мен Эвересті бағындырғанмен бірдей көремін. Күнде жұмыс, таңертең тұрамыз да, балаларды балабақшаға апарып, жұмысқа кетеміз. "Осы отбасының отағасы ретінде менің басты міндетім - үй салу, балапандарымды көбейтіп, оларды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, адам етіп тәрбиелеу", - дейді Мақсұт Жұмаев. Ол өзінің жары Ольгамен бірге сегіз жылдан бері бақытта өмір сүріп келеді. Олардың Исатай мен Айлин атты екі баласы бар. Ұлы жасөспірімдер командасында хоккей ойнайды, ал қызы велоспортпен шұғылдануды бастап жүр. 

"Байқауды ұйымдастырудағы мақсат өнегелі құндылықтарды жаңғырту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу еді. Осындай үлгілі жанұялардың өмірін көпшілікке көрсету арқылы отбасының ұлттық ерекшелігіміз бен құндылықтарымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін негізгі құрал екендігін айтқымыз келді", - деді қала басшысы Ахметжан Есімов.

Әкімнің айтуынша, қалада қазір 2390 көп балалы отбасы өмір сүруде. Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 125 млн. теңге көлемінде жәрдемақы төленген. Сондай-ақ, балалардың туылуына байланысты 375 млн теңге, оларды күтіп-бағуға 380 млн. теңге бағытталған. Ал мүгедек балаларды бағып отырған ата-аналар жыл басынан бері 280 млн. теңге алған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай