Алматылық ғалымдар латын графикасын үйретуге арналған бағдарлама ойлап тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық ғалымдар латын графикасын үйретуге арналған бағдарлама ойлап тапты

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары латын графикасын үйретуге арналған арнайы бағдарлама ойлап тапты. Ғылыми жоба Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі орталықтың ашылу рәсімінде алғаш рет таныстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қыздар Университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары латын графикасын үйретуге арналған арнайы бағдарлама ойлап тапты. Ғылыми жоба Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі орталықтың ашылу рәсімінде алғаш рет таныстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қыздар Университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

Жоба атауы - "Латын графикасына өтуге байланысты интерактивті үйретуші бағдарламалар жасаудың лингвистикалық негіздері мен мультимедиялық технологиялары". Аталған жобаның арнайы бағдарламасында Android, iOS, Windows платформасындағы лингвистикалық сөздік, латын әрпіне автоматты түрде аударма жасайтын арнайы сайт пен дыбыс және бейне материалдарымен сүйемелденген сандық электронды оқулақтар бар. Сондай-ақ, латын графикасын үйрету үшін балаларға арналған ойын бағдарламалары мен мобильді қосымшалар енгізілген.

Ғылыми жаңалық Қыздар Университетінің базасында ашылатын Қазақ алфавитін латын графикасына көшіру жөніндегі орталықта тәжірибеден өтеді. Сонымен қатар, орталықта оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттері латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиі бойынша оқып, жазуды меңгереді.

Сондай-ақ, университеттегілердің айтуынша, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және жетілдіруге бағытталған қосымша кәсіби білім беру бағдарламалары жүргізілмек. Бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейтін орталыққа білікті тіл мамандары жұмылдырылған. Орталықта оқу ордасының ғалымдары жаңа әліпбидің орфографиясы мен орфоэпиясын қалыптастыру бағытында арнайы сабақтар мен курстар өткізеді. Жаңа әліпби бойынша оқу-әдістемелік кешен жасалып, алдағы уақытта арнайы оқу құралдары да жарық көрмек. Қазіргі күнде арнайы тұжырымдама жасалып, негізгі басым бағыттары түзілді.

"Жаңа заманның жастары өзгермелі уақытта өмір сүруге қабілетті болып қана қоймай, оқиғалар мен үдерістердің ортасында, көш басында болуы тиіс. Бұл терең түйсіне білгенге бәсекелестікке апарар жолдың басы, ұлттық кодымызды көздің қарашығындай сақтаудың негізі. Қазіргі мемлекетімізге ұлтты ұйыстыра алатын, тың бағыттағы рухани ағым керек. Латын әріпін енгізудің басты өзегі де осында жатыр. Сондықтан да жаңа әліпби еліміз үшін қажетті, уақыт талабынан туындап отырған жаңа атрибут, аса маңызды фактор деп санаймыз", - деп атап өтті Қыздар Университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети