Алматылық жүргізуші велосипедшіге қай жолмен жүру керектігін былапыт сөзбен түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық жүргізуші велосипедшіге қай жолмен жүру керектігін былапыт сөзбен түсіндіріп берді Youtube каналынан кадр

Nissan Almera жүргізушісі велосипедшіге дөрекі түрде көлік жолымен емес, тротуармен жүру керектігін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nissan Almera жүргізушісі велосипедшіге дөрекі түрде көлік жолымен емес, тротуармен жүру керектігін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосын Facebook және Youtube арнасына видеороликтің авторы Александр Оконешников салған. Ол оқиғаның 21 шілдеде таңғы уақытта болғандығын айтады.

Видеодан велосипедшінің Төле би көшесімен келе жатқанын, ал артында автокөліктің жүргізушісі дабыл беріп келе жатқанын көруге болады. Осыған жауап ретінде велосипедші "Не болды?" деп сұрақ қояды. Айта кету керек, видеоролик авторы ненорматив лексиканы қолданған. Жүргізушіге велосипедшінің сұрағы ұнамаған секілді. Ол көлікті жолдың бойында тоқтатып, машинасынан шығып, велосипедшіге жол жиегімен жүру керектігін түсіндірген. Сол кезде екіншісі оған жол ережесін оқуды кеңес берген. Онда велосипедпен тротуарда жүруге тыйым салынған. Ережеге сәйкес, велосипед жолымен жүруі тиіс, ал егер ондай жоқ болса, барынша жолдың оң жақ шетімен жүруі керек. Роликтің авторы сол ережеге сәйкес келе жатқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети