Алматылықтар трамвайды қайтаруды Қазақстан Президентінен сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар трамвайды қайтаруды Қазақстан Президентінен сұрады Алматылықтар трамвайды қайтаруды Қазақстан Президентінен сұрады.

Алматы тұрғындары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа петиция жолдады, онда олар оңтүстік астанада қалалық трамвайларды сақтап қалуды сұрады. Құжатқа 500-ден аса адам қол қойған, - деп хабарлайды "Крыша".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғындары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа петиция жолдады, онда олар оңтүстік астанада қалалық трамвайларды сақтап қалуды сұрады. Құжатқа 500-ден аса адам қол қойған, - деп хабарлайды "Крыша".

Белсенділердің пікірінше, Алматы трамвайларының 31 қазаннан бері тоқтауына себеп болған рельстерінің нашар жағдайы үшін ең танымал қоғамдық көліктердің бірінен бас тартуға болмайды. Қалалықтар жеңілрельсті көліктің (ЖРК) трамвайдың орнына келмей, жолаушылар тасымалы жүйесін толықтыруы керек деген ойда.  

Сонымен қатар, жеңілрельсті көліктердің құрылысына көп қаражат қажет болуы мүмкін. "ЖРК-ны көрген еуропалық мамандардың оның бағасының 4-5 есе қымбат екенін айтты. Трамвай жолдарының құрылысы, сонымен қатар, жаңа вагондарды сатып алуға айтарлықтай аз қаражат жұмсалады", - деп хабарлады басылымға "Алматыны қорғайық" тобының қоғам белсендісі Абай Ерекенов. 

Белсенділердің айтуынша, трамвайға қарсы кампанияға қалалық екі трамвай депосының жер телімі себеп болып отыр. Олар жердің жеке қолға өтіп кетуінен қауіптеніп отыр. Айтуларынша, егер трамвай деполарының жер телімі жеке қолға өтсе қалада тағы да бірнеше сауда орындары мен зәулім ғимараттар тұрғызылады. Осыған байланысты трамвай апаттарын анықтап тергеу керек, себебі осы жағдайлар халықтың сенбеуіне және көліктің осы түрінің алдында қорқыныш ұялатқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети