Алматылықтар "жоқ жерді" алу үшін үш күн қатарынан ХҚКО алдына жиналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар "жоқ жерді" алу үшін үш күн қатарынан ХҚКО алдына жиналды © Youtube

Алматы тұрғындары жеке тұрғын үй құрылысына 10 сотық жер алуға өтініш беру үшін Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының алдына кезекке тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғындары жеке тұрғын үй құрылысына 10 сотық жер алуға өтініш беру үшін Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының алдына кезекке тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алатау ауданының әкімі Бағдат Манзоровтың айтуынша, ХҚКО алдындағы ажиотаж үш күннен бері жалғасып жатыр. Әкім осы уақыт аралығында Алатау аудандық ХҚКО-ға 4,5 мыңға жуық өтініш келіп түскенін мәлімдеді. "Таңертең адам көп болды, барлығы жер алуға өтініш беріп жатыр. Қазір жағдай тұрақтанды. Бүгін шамамен 600, кеше 2400, алдыңғы күні 1700 өтініш түсті", - деді Манзоров.

Алатау ауданы әкімінің айтуынша, қазір Алматыда бос жер жоқ. "Алматыда бос жатқан жер учаскесі жоқ. Мұны жер комиссиясы шешеді. Адамдар Алатау ауданында жер бар дегенді естіп алып, осында келіп жатыр. Бізге облыстан берілген жердің барлығы жекеменшікке өтті, онда шаруа қожалықтары бар", - деді Бағдат Манзоров. Сонымен қатар, ол өтініш жазғандардың жауапты заң бойынша 45 күн ішінде алатынын айтты.

Айта кетейік, Жер кодексіне сәйкес Қазақстан азаматтары 10 сотық жерді тегін ала алады. Қазіргі уақытта Алматыда 112,5 мың адам тегін жер алуға кезекте тұр екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети