Алматылықтарға салықтың қате түбіртектері жіберілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтарға салықтың қате түбіртектері жіберілген ©Ярослав Радловский

Алматы қаласының тұрғындарына мүлік, жер мен көлік салығын қате аударып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АЛСЕКО" АҚ-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының тұрғындарына мүлік, жер мен көлік салығын қате аударып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АЛСЕКО" АҚ-ға сілтеме жасап.

"Салықтар бойынша басып шығарылғалы тұрған құжаттарды бір-біріне қосқан кезде техникалық ақауларға байланынсты ол аздап бұзылған. Себептер анықталып, алдағы уақытта мұндай олқылықтарды болдырмаудың алдын-алу шаралары қолға алынды. Қате есептер қайта шығарылып, қазір тұрғындарға таратылуда. 16 мамырдан бастап Алматы тұрғындары жаңа түбіртектер ала бастайды. Айта кетерлігі, тек қана қате кеткен есептер ғана қайта шығарылды, яғни, жаңартылған түбіртекті тек тұтынушылардың 15%-ы ғана алады" - деп хабарлады "АЛСЕКО".

Осыдан аз уақыт бұрын Алматының кей тұрғындарына ыстық су бойынша қарыз деп көрсетілген түбіртектер келген. "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-нің анықтауы бойынша қарыздар есептегіштегі көрсеткішті алғаннан кейін алдыңғы айлардағы көрсеткіштермен қосылып кеткендіктен шыққан. Компания мамандарының айтуы бойынша, "Алматы жылу жүйесі" тұтынушылары керек соманы жеткілікті дәрежеде төлеп отырмаған, кей жағдайда тіпті қызмет үшін ақы төлемеген де.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети