Алматылықтарға Жаңа жыл түнінде түрлі сыйлықтар үлестіріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтарға Жаңа жыл түнінде түрлі сыйлықтар үлестіріледі © finugor.ru

Алматылықтар Республика алаңында Жаңа жыл түнін ерекше қарсы алады, - деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар Республика алаңында Жаңа жыл түнін ерекше қарсы алады, - деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, эстрада әншілерінің қатысуымен концерт өтіп, соңы отшашумен аяқталады. Балаларға арналған арнайы мерекелік шара да ұйымдастырылған.

"Алматыда Жаңа жылға дайындық қызу. Қала мерекеге қарсы ерекше безендіріліп жатыр. 30 желтоқсанда таңғы сағат 09.00-ден бастап Республика алаңында болатын концертке қажетті жарақтар қойылмақ. Сағат түнгі 22.00-де басталатын кеш қазақстандық эстрада әншілерінің қатысуымен өтеді", - деп хабарлады телеарна.

Алматы қалалық мәдениет басқармасының мәліметінше, 30 желтоқсанда алаңның бір бөлігі жабылып, 31 желтоқсанда ол толықтай жабылады. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, биыл концерт бұрынғыдан өзгеше болады. Эстрада жұлдыздарынан бөлек, Аяз ата мен Ақшақар тұрғындарға кішігірім сыйлық үлестіреді.

"Осы жылы мерекенің шарықтау шегі ерекшеленеді. Концерт соңында Роза Рымбаева мен Батырхан Шүкеновтің әсем әуенімен жеті жарым минутқа жалғасатын музыкалық пиротехникалық шоуды қала тұрғындары мен қонақтары тамашалайды", - деп хабарлады телеарна.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети