Алматының "алтын шаршысында" айналма веложол пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының "алтын шаршысында" айналма веложол пайда болады Коллаж © Tengrinews.kz

Алматыда Медеу ауданын көріктендіру жоспары таныстырылды, бұл жоспарға Сәтбаев - Жолдасбеков - Фурманов көшелері мен Достық даңғылы кіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Медеу ауданын көріктендіру жоспары таныстырылды, бұл жоспарға Сәтбаев - Жолдасбеков - Фурманов көшелері мен Достық даңғылы кіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төрт бұрышы түйіскен бұл көшелердің аралығын көріктендіру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 90 миллион теңге бөлінеді. Бұл ақшаға: 2,5 шақырымға жуық айналма веложол, алты велосаябақ, балаларға арналған екі ойын кешені, футбол, волейбол және баскетбол ойнауға арналған екі мини-спорт алаң, төрт гүлзар мен төрт Альпі төбешігі салынады. Сонымен қатар, жергілікті билік 50 ағаш отырғызып, 6 мың шаршы метрге көгал алаңдарын төсеуге ниеттеніп отыр, сонымен бірге, қосымша орындықтар, қоқыс жәшіктері мен үлкен шамдар қойылады. Аудан әкімінің орынбасары Талғат Әбдіқалықовтың айтуынша, бұл жұмыстарды қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Медеу ауданы әкімінің орынбасарының айтуынша, веложолдарды жасау үшін тротуарлар бір метрге дейін кеңейтіледі.

Әбдіқалықовтың сөзіне қарағанда, бұл жұмыстар дат сәулетшісі Ян Гейлдің тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асады. Еске сала кетейік, Алматы әкімдігінде өз жобаларын таныстырған Гейл шаһарды "адамдарға арналған қалаға" айналдыруға сөз берді. Бұл жердегі әңгіме жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге жасалған жағдайларды жақсарту жөнінде.

Айта кетейік, жұмыстар басталып та кетті. Мысалы, Меңдіқұлов пен Жолдасбеков көшелерінің қиылысына жұмысшылар гүлзары мен мүсіншелері бар Альпі төбешігін орнатып жатыр.

 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети