Алматының қай көшелерінде "Крис-П" радарлары тұрады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының қай көшелерінде "Крис-П" радарлары тұрады? © tambov.gov.ru

"Крис-П" мобильды фоторадарлы кешендері апатты-қауіпті және қозғалысты қатты жылдамдықпен жүретін жерлерге қойылады. Бұл туралы Алматы ІІД өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Крис-П" мобильды фоторадарлы кешендері апатты-қауіпті және қозғалысты қатты жылдамдықпен жүретін жерлерге қойылады. Бұл туралы Алматы ІІД өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Фоторадарлы кешендер жыл басынан бері 1 892 жол ережесін бұзғандарды түсірген, айыппұл мөлшері - 23 миллион теңге. 

"Осы шаралардың арқасында біз жол ережесін бұзатындарды, яғни жолды қарсы бетіне өту - 10,5 пайызға, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өту - 0,5 пайыз, қиылыстарда өтіп кету 62,8 пайызға қысқарттық. Бұл аппараттар апатты-қауіпті және жол-көлік оқиғасы көбірек тіркелетін, яғни қозғалысты қатты жылдамдықпен жүретін жерлерге қойылады", - деді Алматы ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Еркін Өтегенов. 

Сондай-ақ, қалада "Жол қозғалысының қауіпсіздігі" автоматты ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Онда 105 постта 660 бақылау камерасы орнатылған. Биыл посттар саны көбеюі мүмкін. 

"Осы жүйенің арқасында жол қозғалысын қауіпсіз етуге септігі тиді, қала көшелерінде жол апатының көрсеткіші азайды.

Жыл басынан бері, "Жол қозғалысының қауіпсіздігі" автоматты ақпараттық жүйесі 334 мың әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Айыппұл мөлшері - 2 миллиард теңге. Оның көп бөлігі төленді", - деді Өтегенов. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети