Алматының тауларында 20 рет қар көшті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының тауларында 20 рет қар көшті ©Ярослав Радловский

Алматыдан биіктегі тауларда екі тәулік ішінде 20-ға жуық қар көшкіні болды деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Көшкінге Кіші Алматы өзені бассейнінің жоғарғы бөлігінде ауаның жылынуы мен күртік қардың сырғақ болуы себеп. 28 қаңтар күні жалпы көлемі 10 мың текше метр болатын екі қар көшкіні тау шаңғысы жолына және Талғар асуына құлаған. 29 қаңтар күні қар 16 рет көшкен. Жалпы көлемі - 32,9 мың текше метр. Көшкіндердің бәрі өзенге дейін жеткен, біреуі Тұйықсудан биіктегі жолға түсті. Зардап шеккен адамдар жоқ, ешқандай нысанға нұқсан келмеді. "Осыған байланысты тұрғындардан, қала қонақтары мен туристерден таулы өңірлерге барудан бас тартып, қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз", - дейді төтенше жағдайлар департаментінің мамандары. Бүгін мамандар тауда жарылғыш заттардың көмегімен көшкінді қолдан түсірудің амалын жасаған. Соның нәтижесінде 3 мың текше метр көшкін түсті. Айта кетейік, соңғы күндері Алматыда қар толассыз жауып тұр. Бұған дейін қала аумағынан КамАЗ-дармен 500 реттен астам қар шығарылғаны хабарланды. Барлығы 4 мың текше метр қар қала сыртына шығарылды. Алдымен көлік қозғалысы қиын көшелердің қары тазартылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети