Алмаз Шарман Денсаулық сақтау министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмаз Шарман Денсаулық сақтау министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Алмаз Шарман ҚР Денсаулық сақтау министрінің профилактикалық медицина мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмаз Шарман ҚР Денсаулық сақтау министрінің профилактикалық медицина мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алмаз Шарман 1960 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысының Ұлытау ауылында дүниеге келген.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін аяқтаған. Мәскеу қаласындағы иммунология институтында аспирантура және докторантура бітірген.

Биомедицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласының маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі.

АҚШ-та Медициналық-демографиялық зерттеулер халықаралық бағдарламасының медициналық координаторы болып жұмыс істеді және Джонс Хопкинс университетінде сабақ берді. Орталық Азия бойынша халықаралық даму жөніндегі Америка агенттігінің (USAID) инфекциялық аурулар жөніндегі кеңесшісі, америкалық дипломат мәртебесі бар Қазақстан бойынша USAID өкілдігінің басшысы болды.
Алмаз Шарман "Туберкулезден азат әлем" халықаралық сарапшылар комиссиясының мүшесі және беделді The Lancet медициналық журналында осы аттас мақаланың тең авторы.

Қазақстанда доктор Шарман Ұлттық медициналық холдинг пен өмір туралы ғылымдар орталығын басқарды, денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесін әзірлеумен айналысты. Қазіргі уақытта "Қазақстанның арофилактикалық медицина академиясы" ҚБ президенті болып табылады.
Алмаз Шарман денсаулық туралы "Алмас кеңестері" телебағдарламасының жүргізушісі. Сондай-ақ ол денсаулық пен медицинаның әртүрлі тақырыптары бойынша интернет-ресурстар мен мобильдік қосымшаларды жасап шығарған. Оның 40 ғылыми мақаласы басып шығарылған, оның ішінде 4 монография бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети