Алматы полициясына Almaz Tourizm әрекетінен зардап шеккен 70 клиенттен шағым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
Алматы полициясына Almaz Tourizm әрекетінен зардап шеккен 70 клиенттен шағым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
"Бүгінгі таңда Almaz Tourizm клиенттерінен 70 шағым келіп түсті. Үш дерек расталып отыр, іс "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" бабы бойынша қаралып жатыр. Турфирма директоры (Айнұр Бақыбаева - Авт.) полицияға келіп, жауап беріп жүр", - деді Әзірбек. Қылмыстық кодекске сай, бұл бап бойынша айыпталушыға мүлкін тәркілеумен бірге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Бұған дейін құқық қорғау органдарына туроператор клиенттері мен серіктестерінен 33 шағымның түскені хабарланған болатын. Tengrinews.kz-ке хабарласқан туристердің бірі - Almaz Tourizm-нен жолдама сатып алған Надежда Киселеваның айтуынша, клиенттердің ақшасы әлі күнге дейін қайтарылған жоқ.
Almaz Tourizm сайтында Бақыбаеваның ресми мәлімдемесі әлі тұр, онда директор әзірше туристерге өтемақы төлей алмайтынын айтқан. "Өкінішке қарай, қанша тырыссақ та, біз қазіргі уақытта туристерден алынған ақшаның бәрін дереу қайтара алмаймыз, өйткені біздің клиенттерімізден келісімшарт бойынша алынған қаржының көп бөлігі турпакетке енетін қызмет түрлерінің төлемақысына жұмсалады. Шығынға ұшыраған клиенттерімізге ақшаны қайтарудың тағы бір қиындығы біздің әріптестеріміздің теріс ниетті әрекеттерінен туындаған жағдайға (біздің түсінуімізше, бұл әлдекімге пайдалы болып тұр) байланысты, бізден келешектегі кезеңге жоспарланған турларды сатып алған туристер де ақша талап етіп отыр", - делінген Бақыбаеваның мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, бірнеше қазақстандық турист Анталиядағы отельден шығарылған болатын, оған себеп Almaz Tourizm туристердің орналасуы үшін қаражат аудармаған. Бірақ компания бұған өзінің түрік әріптесі - Trek Travel-ді айыптайды. Туристік агенттіктер қауымдастығының мәліметінше, Қазақстан тарапы туристер үшін 500 мың доллар төлемеген.