Әлімханұлының командасы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлімханұлының командасы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы VADA талдауы мен көптен күткен жекпе-жекке байланысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы VADA талдауы мен көптен күткен жекпе-жекке байланысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Команда өкілдерінің айтуынша, VADA-дан келген алғашқы талдау таза болған, алайда екінші сынамада "даулы тұстар" анықталған. Команда бұл жаңалыққа таңғалғанын жасырмады.

"Біздің көңіл күйіміз түскеніндей көп жанкүйердің көңіл күйі түскенін сезіп отырмыз. Өйткені тақым қысып тілеулес болып отырған ағайын өте көп. Асыға күткен жекпе-жек өтпейтін болды. Жаңалыққа таңғалдық деген себебіміз VADA-ның бірінші алған анализдері таза деген хабар келген болатын, екінші анализде даулы мәселе бар деген хабар жетті", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, команда екі анализ арасында тамаққа да, витаминге де ешқандай өзгеріс жасамағанын мәлімдеді.

"Бұл қалай болды екен деп түсінбей отырмыз. Қаншама еңбек, қан мен тер төгілді. 4 айдан бері басқа елдеміз. Шығындар бар. Отбасыдан жырақ. Біз үшін бұл жаңалық оңайға соқпады. Біз әрқашан таза спортты қолдаймыз деп айтып жүретін командамыз. Қазір менеджерлер мен заңгерлер жұмыс істеп жатыр. Қайта анализ тапсырсақ деген өтініш айттық. Ескі анализдің екінші нұсқасын да тексерту, зертханадағы жұмыс бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мамандардан хабар күтіп отырмыз", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети