Алтай Көлгінов астаналық энергетиктердің жұмысын сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтай Көлгінов астаналық энергетиктердің жұмысын сынға алды © Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ЖЭС-2-де болып, алдағы уақытта астананы газдандыру мәселелері бойынша көшпелі жиын өткізді. Кеңес барысында жобалық-сметалық құжаттаманың бір бөлігі дайын емес екені анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ЖЭС-2-де болып, алдағы уақытта астананы газдандыру мәселелері бойынша көшпелі жиын өткізді. Кеңес барысында жобалық-сметалық құжаттаманың бір бөлігі дайын емес екені анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Сараптама әлі өткен жоқ. Қазіргі уақытта конкурс бойынша сот даулары жүріп жатыр. Кейбір жобалар бойынша әлі күнге дейін конкурстар жарияланған жоқ. Бұл жауапты құрылымдар арасындағы келісілмеген іс-әрекеттерге байланысты. Орындаушыларға қарағанда бастықтар көп болып отыр", - деп жазылған әкімдік сайтында. 

Әкімдік баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жиын барысында алдағы жылыту маусымына көмір жеткізу, "Астана-Энергия" АҚ балансына "ЖЭС-1 және ЖЭО-2 кеңейту және қайта құру" жобасы аясында салынған жабдықтарды беру бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды.

Астаналық ЖЭС-ті газдандыру мәселесіне қатысты жобаның 1-кезегін іске асыру 2019-2021 жылдарға жоспарланған 633,67 миллион м3 көлемінде газ тұтынумен немесе қаланың жалпы газ тұтынуынан (658,15 млн. м3) 96% есептелген. Айта кету керек, жылу беру маусымында барлық қазандықтардың жұмыс істеуіне байланысты жабдықтар монтаждалмайтын болады.

Сондай-ақ қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуын қысқарту мақсатында қазандық агрегаттарында NID технологияларды енгізу бойынша жұмысты бақылауға алу тапсырылды.

"ЖЭС-1 және ЖЭО-2 - елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін стратегиялық нысандар. "Астана-Энергия" АҚ басшылығы барлық келісілмеген мәселелерді шұғыл түрде шешуі қажет. Біз жылу электр орталығын газ қабылдауға дайындауымыз керек. Тиісті бөлімшелер апта сайын атқарылған жұмыс туралы есеп беруі тиіс", - деді әкім.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети