Алтай Көлгінов елордалықтарды не алаңдататынын айтты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтай Көлгінов елордалықтарды не алаңдататынын айтты facebook/altay.kulginov

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов белсенді тұрғындар, қоғамдық ұйымдар мен қала әкімдігінің құрылымдарын біріктіретін бірыңғай платформаның жұмысын қорытындылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов белсенді тұрғындар, қоғамдық ұйымдар мен қала әкімдігінің құрылымдарын біріктіретін бірыңғай платформаның жұмысын қорытындылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының акселераторының іске қосылғанына екі ай болған.

"Алғашқы нәтижелерге тоқталар болсам, тұрғындар пәтер иелерінің кооперативтерінің жұмысына қатысты көбірек шағымданған. Яғни, олардың қызмет көрсету сапасы тұрғын халықты қанағаттандырмайды. Пәтер иелерінен түрлі қажеттіліктер үшін жиналатын қаражаттың жұмсалуы әлі де болса басы ашық мәселе", - дейді ол.

Айта кету қажет, пәтер иелерінің кооперативтері – өзін-өзі басқару институты болып есептеледі.

"Пәтер иелері үйді басқаруды кімге тапсыратындығын таңдауға, өздері таңдаған қызмет көрсетушілермен шарттар жасасуға құқылы. Жаңа цифрлық технологиялар жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етеді. Мәселен, Е-ПИК мобильді қосымшасы. Жақында пәтер иелерінің кооперативтері ассоциациялары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездестім. Алдағы уақытта пәтер иелері кооперативтерінің жұмысын жетілдіруге арналған жобаларды бірлесе іске асырамыз", - деп жазған Көлгінов.

Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысын жетілдіруден басқа акселератор бағдарламасының тағы екі бағыты бар.

"Екіншісі – қаланы санитарлық тазалау. Мәселен, алдағы қыс мезгілінде қар тазалау, мұздарды жинау. Сондай-ақ нөсер кәріздерінің жұмысы, ашық люктер, сынған плиткалар, осы саладағы қызметтерді тарифтеу мәселелері т. б.", - деді ол.

Үшінші бағыт - қоғамдық көлік мәселелері.

"Бұл бағыт бойынша қызмет көрсету сапасы, төлем жүйесі, жүргізушілерді ынталандыру бойынша шаралар, маршруттық бағыттар және т.б. қаралады. Акселератордың басты міндеті – осы 3 бағыттың өзекті мәселелерін шешу", - деп қорытындылады қала әкімі. 

Алтай Көлгінов пәтер иелерінің кооперативтері, қоғамдық көлік пен қаланы санитарлық тазалау жұмыстарын жақсарту немесе трансформациялау бойынша идеялар мен ұсыныстар болса, акселератор сайтына жазылуға кеңес берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети