Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Жеңіл атлетика федерациясының президенті болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Жеңіл атлетика федерациясының президенті болды © astana.gov.kz

Қазақстанның Жеңіл атлетика федерациясының конференциясында Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жеңіл атлетика Федерациясының президенті қызметіне сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Жеңіл атлетика федерациясының конференциясында Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жеңіл атлетика Федерациясының президенті қызметіне сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов Қазақстанда 7 жабық жеңіл атлетикалық манеждің құрылысы жоспарланғанын атап өтті.

"Үлкен жұмыс атқару үшін адами капитал маңызды. Сапалы жаттықтырушылар құрамы мен спортшыларды дайындау қажет. Өйткені, жаттықтырушы-ұшақ ұшқышы сияқты, спортшылардың қозғалыс бағыты мен спорттағы дамуы тек сол кісіге байланысты", - деді Ахметов.


© astana.gov.kz

Елордада жеңіл атлетикамен тұрақты шұғылданатындардың жалпы саны шамамен 2 000 адамды құрайды. Елордалық спортшылар осы жылы 9 алтын, 12 күміс және 17 қола медаль жеңіп алды. Аталмыш спорт түрін дамыту мақсатында Федерация "Наурыз марафоны", Astana Marathon, "Адалдық алаңы" жеңіл атлетикалық қайырымдылық жүгірісі", белгілі жаттықтырушы К. К. Жуанышевті еске алуға арналған республикалық турнир, October Run Fest-2019 күзгі жүгірісі және тағы басқа жарыстар өткізілді.

Қала әкімі Алтай Көлгінов сенім артқаны үшін алғысын білдіріп, жеңіл атлетиканың дамуына, оның ішінде инфрақұрылымға тиісті көңіл бөлінетіндігін атап өтті.

"Жетістіктер мен кемшіліктерді ескере отырып, алға жылжу қажет. Жеңіл атлетика - маған жақын спорт түрі", - деді елорда әкімі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети