Алтайда жол апатынан зардап шеккен қазақстандық әйел Алматыға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтайда жол апатынан зардап шеккен қазақстандық әйел Алматыға жеткізілді © ҚР СІМ

Алтай Республикасының аумағында жол апатынан зардап шеккен қазақстандық әйел санавиация бортымен Алматыға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтай Республикасының аумағында жол апатынан зардап шеккен қазақстандық әйел санавиация бортымен Алматыға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың хабарлауынша, ресейлік дәрігерлер 1943 жылы туған Білімбай Хасенді медициналық техникамен жабдықталған және дәрігерлердің бақылауымен арнайы көлік арқылы ғана тасымалдауға болатынын айтқан. Оның ұлы ҚР СІМ-нен көмек көрсетуді сұрады.

"СІМ-де арнайы топ құрылды, оның құрамында консулдық қызмет департаментінің, Омбыдағы Қазақстаннның елшілігі және ситуациялық орталығының қызметкерлері болды. Тиісті процедуралар шұғыл түрде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық авиация қызметімен бірге жүргізілді.

ҚР мемлекеттің органдарының жүйелі жұмыстарының арқасында 30 тамызда отандасымыз Б.Хасен мобильдік бригаданың және ұлының көмегімен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық авиациясының арнайы бортымен Алматыға сәтті жеткізілді", - деп хабарлады ҚР СІМ өкілдері.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты. Ол Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасында, дәрігерлердің бақылауында, ол сол жерде емделетін болады.

Еске сала кетейік, жол апаты түнгі уақытта Алтай Республикасындағы автожолда болған, шағын автобус аударылып қалды. Автобустағы 15 адам Моңғолия азаматтары болған, 12 адам зардап шеккен.

Istana шағын автобусының жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай, жол бойынан шығып, көлік аударылып қалған. Полицияның мәліметтері бойынша, жол апатының себебі тежегіштің істен шығуы болуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети