"Қазақстанда жарты жыл ішінде жаяу жүргіншіні қағып кетудің төрт мыңға жуық жағдайы тіркелген" деп хабарлайды Tengrinews.kz Құқықтық статистика комитеті және Бас прокуратараның арнай есебіне сілтеме жасап. Ведомствода 2014 жылдың алты айында орын алған жол-көлік оқиғаларының есептік қортындысы жария етілді.

Аталған мерзім ішінде Республика бойынша 8608 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Өткен жылдың осындай кезеңінде 8462 оқиға тіркелген болатын. "Жол-көлік оқиғасының басым бөлігі жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алған. Олардың саны-3999 (өткен жылдың алты айындағы көрсеткіш-3862).
Ресми деректерге қарағанда, жол-көлік оқиғасының басты себебі-жылдамдықты шектен тыс асыру. Жол апаттарының басым бөлігі елді мекендерде орын алған. Олардың саны-7123 (6685), опат болғандар-466 адам.
Ал Республика жолдарында тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 1600, оларда 583 адам қаза тапқан.
Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда Республика бойынша жағдай былай: Жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болғандар саны 1015 (1167) және жарақат алғандар-10911 (10837) деп хабарлайды баспасөз қызметінен.