27 қаңтар 2020 | 13:19

Алты айлық баласымен жоғалып кеткен келіншек Алматы облысындағы фермадан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Емшектегі баласымен жоғалып кеткен келіншек Алматы облысындағы фермадан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Емшектегі баласымен жоғалып кеткен келіншек Алматы облысындағы фермадан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жас әйелді іздеу шаралары бірден бақылауға алынды, оған аудандық полиция қызметкерлерімен бірге облыстық департаментінің іздеу бөлімінің мамандары жұмылдырылған. Қазіргі уақытта із-түссіз жоғалған әйелдің қайда жүргені анықталды. 

Осы уақыт бойы ол өзінің азаматтық жолдасымен көрші тұрған Балқаш ауданында болған. Ер адам онда фермалардың бірінде жұмыс істейді екен. Полицейлер әйелмен кездесіп, туыстарына хабарласуды өтінді", - делінген Алматы облыстық ПД хабарламасында. 

Айта кетейік, 22 жастағы Ақмарал Қалдыбаеваның жоғалғаны туралы таяуда БАҚ-та жарияланды. Екі ай бұрын ол алты айлық баламен үйінен кетіп, оралмаған. Ақмарал соңғы екі жылда Қарасай ауданындағы Көлді ауылында отбасымен бірге тұрған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети