10 қаңтар 2022 | 13:23

Алты жанармай бекеті шабуылға ұшырады - QazaqOil

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

QazaqOil жанармай бекеті желісі Алматы мен Алматы облысында 47 жанармай бекетінің жұмысы қалпына келтірілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

QazaqOil жанармай бекеті желісі Алматы мен Алматы облысында 47 жанармай бекетінің жұмысы қалпына келтірілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде 338 жанармай бекеті Қазақстан бойынша төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп тұр. Олардың саны әлі де артады. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан жерден басқасының бәрінде сатылып жатыр. Байланыс бар жерде карта арқылы төлем қабылданады, сондай-ақ, қолма-қол, электрон талондар, отын карталары арқылы да жүргізіледі. Сенімді серіктес ретінде барлық міндетті орындап жатырмыз. Тұтынушыларымыз үшін әрқашан тырысамыз", - деді компания өкілі.

Алматы мен Алматы облысында 47 жанармай құю бекеті жұмыс істеп тұрғаны айтылды.

"Өкінішке қарай, 6 жанармай құю бекеті бүлінді. Оқиға орнындағы әріптестеріміз аман-сау. Барлық сұрақ бойынша call-center номерлеріне хабарласуға болады: 9911 немесе +7 771 0464646. Өзіңіз бен жақындарыңызға сақ болыңыздар", -  деп түйіндеді QazaqOil қызметкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети