Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның алты облысында 30 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның алты облысында 30 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облысында ауа райы күрт бұзылады.

Атырау облысының кей жерінде жылдамдығы 15-20 секунд болатын жел оңтүстік-шығыстан соғуы мүмкін. 

Ақмола облысында тұман түсіп, бұрқасын болады. 

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, жаяқ бұрқасын болады деп болжанды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Таразда тұман түседі. 

Қызылорда облысында тұман түсіп, таңертең солтүстік-шығыстан және күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысында шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтауда да жел шығыстан соғады және секундына 15-18 метрг болады.

Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети