Алматыдағы "Алтын бұлақ-2" тұрғын үй кешенінде болған өрт куәгерлерінің бірі Tengrinews.kz тілшісіне оқиға туралы айтып ьерді.
Алматыдағы "Алтын бұлақ-2" тұрғын үй кешенінде болған өрт куәгерлерінің бірі Tengrinews.kz тілшісіне оқиға туралы айтып ьерді.
Ер адамның айтуынша, ол түннің жартысында біреудің дауыс зорайтқышқа айғайлағанын естіген.
"Терезеден қарадым, бес өрт сөндіру машинасы тұр екен. Бірінші кіреберістің үшінші блогынан түтін будақтап шығып жатты. Қарасам, көшеде жұрт толып жүр, қазірге дейін эвакуацияланып жатыр. Мен бір жігіттің жағдайы нашарлағанын көрдім, оны жедел жәрдем алып кетті.
Қазір қорқынышты нәрсе болып жатыр. Адамдар топырлап жүгіріп жүр, паркингтерден көліктерін әкетіп жатыр", - дейді оқиға куәгері.
Оның айтуынша, жоғарғы қабаттардағы тұрғындар пәтерлеріне қамалған.
© Шоқан Алхабаев / Tengrinews.kz
Еске салайық, Алматыдағы Брусиловский көшесінде орналасқан "Алтын Бұлақ-2" тұрғын үй кешенінен өрт шығып, адамдар жаппай эвакуацияланғаны хабарланған. Тұрғын үй кешінен өрт 10 желтоқсанда кешкі уақытта шыққан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!