"Алтын дән" жәрмеңкесінде 1000 тоннадан астам өнім сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алтын дән" жәрмеңкесінде 1000 тоннадан астам өнім сатылды

Егін жинау науқанының аяқталуына орай "Алтын дән-2023" мерекесі аясында облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Егін жинау науқанының аяқталуына орай "Алтын дән-2023" мерекесі аясында облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Онда барлық аудандар мен Қызылорда қаласының шаруалары өз өнімдерін базар нарығынан 15-20 пайызға төмен бағада ұсынды. Ауылдардан 425 жүк көлігімен 1000 тоннадан астам өнім әкелінді.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындармен бірге жәрмеңкелерді аралап, халықпен пікірлесті.

Сыр диқандары 286 млн. теңгенің 1020,6 тонна өнімін ұсынуда.

Саудаға 140 тоннадан астам күріш, 25 тонна ет, 30 тоннадай балық өнімдері, 200 тонна картоп, 80 тонна сәбіз, 120 тонна пияз, 90 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 200 тонна бақша өнімдері, 115 тонна асқабақ, 6 тоннадай сүт өнімдері, 10 тоннаға жуық бакалея және кондитер өнімдері, 140 бас тоқты, 50 тоннадан астам жем-шөп қойылған.

Алдағы уақытта "Алтын дән" мерекесі барлық аудандар мен Қызылорда қаласында жалғасын тауып, ауыл шаруашылығы үздіктері марапатталатын болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.6  course down  604.8  course up  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети