Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел өңірдегі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел өңірдегі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкім кеңесшісі 10 қаңтардан бастап облыс шенеуніктері жұмысқа кірескенін, бірақ облыс әкімшілік ғимараты жаппай тәртіпсіздік кезінде шабуылға ұшырағандықтан, басқа ғимаратта жұмыс істеуге мәжбүр болғандарын айтты.
"Бүгіннен бастап әдеттегідей жұмыс істеп жатырмыз. Қазір ғана облыс басшысы Қанат Бозымбаевтың қатысуымен өткен жиналыстан шықтық. Ол облысты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге комиссия құруды тапсырды. Комиссияны әкімнің орынбасары Жеңіс Тұяқов басқарады.
Сондай-ақ, кәсіпкерлерге келтірілген шығынды есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалада ірі сауда орталықтары мен түрлі кәсіпкерлік нысандар өз жұмыстарын бастады. Азық-түлік сататын дүкендер мен тамақтанатын орындар жұмыстарын тоқтатпай жүргізеді", - деді Жүкел.
Алматы облысында коменданттық сағат уақыты күнделікті кешкі 20.00 мен 7.00-ге дейін.
"Талдықорғандағы жағдай тұрақты. Қала ішіне барлығын толық тексерістен өткізіп кіргізетін блок бекеттер қойылды. Қалада антитеррорлық операция жүргізіліп жатыр. Тұрғындардан барлығына түсіністікпен қарауларын сұраймыз", деді әкім кеңесшісі.
Ғалымұрат Жүкел облыс әкімі Талдықорғандағы қоғамдық көліктердің жұмысын қалпына келтіруге тапсырма бергенін айтты. Ал қалааралық автобустардың қашан жұмысқа кірісетіні Алматылық әріптестермен жүргізілетін келіссөздерден кейін белгілі болады деді.
""Алтын Орда" базарында вандализм мен тонаушылық болғаны туралы ақпарат бар. Комиссия мүшелері келтірілген шығынды есептейді. "Алтын Орда" базары жұмыс істеп тұр", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!