"Алматы-Бішкек" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 16-19 шақырым аралығындағы бөлігін кеңейту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2017 жылдың қарашасында басталады деп жоспарланған. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі өкілдері хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, жолдың сызба жоспары көрсетілді. Онымен мына сілтеме бойынша өтіп танысып шығуға болады.
Сызба жоспарының скриншоты
Ұйым өкілдерінің мәліметінше, жол бөлігінің қашықтығы - 3,86 шақырым. Жоба 2017 жылдың қарашасында басталып, 2019 жылға дейін созылады. Бас жобалаушы "АстанаСтройПроектСервис-М" ЖШС. Ал бас мердігерді 2017 жылдың 29 қыркүйегінде анықтау жоспарланған.
Айта кетейік, қазіргі уақытта жолдың төрт қозғалыс жолағы бар. "Жобада жолды қоғамдық, жергілікті және транзит көліктеріне арнап 10 жолаққа дейін (екі бағытта бес-бестен) кеңейту, эстакадасы бар бұрылу айналмасы,"таға" тәріздес айналма эстакадасы және "Апорт" СО, "Алтын Орда" СО, "Асыл-Арман" ТК және Райымбек ауылының маңында жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткелдерін салу қарастырылған. Жоба 100 пайызға дайындалып, оң қорытынды алу үшін "Мемсараптама" РМК-ға жолданған", - деп пікір білдірді "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметіндегілер.