"Алтын Орда" базарындағы жолайрық қашан ашылатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алтын Орда" базарындағы жолайрық қашан ашылатыны белгілі болды Скрин видео TengriTV

2020 жылдың соңына дейін "Алтын Орда" аумағындағы 10 жолақты жол пайдалануға беріледі. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2020 жылдың соңына дейін "Алтын Орда" аумағындағы 10 жолақты жол пайдалануға беріледі. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылықтар "Алтын Орда" базары маңындағы көлік кептелісіне шағымданып жатыр. Себебі онда 10 жолақты жол құрылысы жүріп жатыр. Бүгін Instagram желісіндегі Kris_p_almaty парақшасында видео жарияланды. Онда жүргізушінің көлік кептелісіне шағымданып жатқанын көруге болады. 

"Үйден ертерек шығыңыздар. Кешігіп қалмау үшін сағатты таңғы 5.30-ға қойыңыздар! Жол құрылысы біткенше мұнда көлік кептелісі күн сайын болады", - дейді желі қолданушылары.

"ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда мұнда жолды кеңейту, жаяу жүргіншілер өткелін орнату бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Учаскедегі коммуникация құралдарын көшіру үшін бір қосымша мердігерлік ұйым тартылды. Мұнда бір асфальт-бетон зауыты, екі бетон-араластыру қондырғысы және ұнтақтау-сұрыптау қондырғысы жұмыс істейді. Осы жылдың соңына дейін бұл жұмыстарды бітіру жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Алтын Орда" базары маңындағы 10 жолақты жолдың құрылысы 2017 жылы басталған еді. Жол жоспар бойынша 2019 жылы пайдалануға берілуі керек болған. Алайда түрлі себептерге байланысты жобаның құрылысы ұзаққа созылды. Оның бір себебі екі жанармай құю станциясының иесімен сот процесінің өтуі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети