"Алтын Орда" базарындағы мәселелер қалай шешіледі? Бозымбаев жауап берді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алтын Орда" базарындағы мәселелер қалай шешіледі? Бозымбаев жауап берді Фото: 2gis.kz

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев "Алтын Орда" базардағы мәселелер қалай шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев "Алтын Орда" базардағы мәселелер қалай шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бозымбаевтың айтуынша, базарға қатысты мәселелерді шешу мақсатында барлық бағыт бойынша жұмыс істеледі. Құрылыс, санитария және салық бойынша бақылау жүргізіледі.

Сондай-ақ, базар қызметін жеңілдету және ашықтығын қамтамасыз ету үшін Іле ауданында А+ деңгейіндегі автоматтандырылған логистикалық хаб салу жоспарланып отыр.

"Логистикалық хаб аумағы 200 мың шаршы метр болады. Ол Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың біріне айналады. Ол үшін 200 миллион доллар көлемінде инвестиция тартамыз, 1500-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады", - деді Алматы облысының әкімі.

Қазіргі Бозымбаев осы жобаны іске асыратын AIRBA FF ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Киммен меморандумға қол қойды.

Бұған дейін Президент екі бірдей әкімге (Алматы және Алматы облысы) Үкіметпен бірлесіп "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырған еді. 

"Тағы бір мәселені айтқым келеді. Тиімсіз сауда делдалдығын тоқтататын кез келді. Мысалы, Алматыда тұратын 3 миллион адам көп жағдайда "Алтын Орда" базарынан тауар сатып алады. Алматы мен Алматы облысының әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, осы базарда тәртіп орнатуды тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети