"Алтын Орда" базарының бұрынғы басшысына қатысты сот басталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алтын Орда" базарының бұрынғы басшысына қатысты сот басталды Almaty.tv

Алматы облысында "Алтын Орда" базары басшысының бұрынғы орынбасары Ермек Марқабаевқа қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында "Алтын Орда" базары басшысының бұрынғы орынбасары Ермек Марқабаевқа қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, алдын ала тыңдау Қарасай аудандық сотында өткен. Оған сотталушының адвокаттары мен туыстары қатысты. Айта кетейік, Ермектің өзі сот залында болмады, ол процеске онлайн қосылуға мәжбүр болған. Алайда айыпталушы хабарласа алмағандықтан, сот отырысын басқа күнге ауыстыруға тура келген.

"Ол қазір Талдықорғандағы тергеу изоляторында отыр. Әйелі үнемі сонда және осында, балаларымен бірге болуға мәжбүр. Бұл қазір отбасымыз үшін үлкен мәселе. Ал оған тағылған айып мүлдем қисынсыз", - деді сотталушының әпкесі Жұлдыз Марқабаева.

Марқабаевтың қорғаушыларының айтуынша, полиция тергеу барысында көптеген заңбұзушылықтарға жол берген.

"Соталды тергеп-тексеру барысында полиция қылмыстық заңнамаға қатысты көптеген процессуалдық заңбұзушылықтарға жол берді. Бізді тіпті айыптау актісімен де таныстырған жоқ. Белсенді қорғаныс шебінен айырды. Көптеген өтініш жазғанымызға қарамастан, полицейлер істі бірден сотқа беруді ұйғарды", – дейді адвокат Динара Жұбатова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети