08 ақпан 2021 | 10:39

"Алтын Орда" маңындағы жол неге ұзақ салынып жатқаны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

TengriTV видеосынан кадр TengriTV видеосынан кадр

Алматыда "Алтын Орда" базарының маңындағы дол үш жылдан аса уақыт салынып жатыр, бірақ әлі аяқталмады. Оған бірнеше себеп бар. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өкілі тағы біреуін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда "Алтын Орда" базарының маңындағы дол үш жылдан аса уақыт салынып жатыр, бірақ әлі аяқталмады. Оған бірнеше себеп бар. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өкілі тағы біреуін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алтын Орда" базарының маңындағы жол айрығының құрылысы былтыр аяқталуы тиіс еді. Алайда кейінірек күтпеген жағдайларға байланысты аяқталу мерзімі қайта қаралды. Бұған коронавирус пандемиясы, сондай-ақ төтенше жағдай мен карантин режимі себеп болған.

"Өкінішке қарай, құрылыс жобасын 2021 жылдың соңына дейін ұзарттық. Себебі "Алтын Орда" Алматы мен Алматы облысының шекарасында орналасқан. Былтыр ТЖ режимі кезінде құрылыс учаскесіне блокбекеттер қойылды. Адамдар ол жермен жүре алмады. Былтыр жаз бойы, яғни құрылыс маусымы қызатын уақытта біз жұмыс істеуіміз керек еді. Бірақ тоқтап тұрды", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" басқарма төрағасы Ұлан Әліпов.

"Тек жаздың соңында, қыркүйекке жақын, қозғала бастадық. Бірақ жұмыс көлемі үлкен. Дегенмен, асфальт төсеп, "Алтын Орда" алдындағы өткелді ашып үлгердік. Жарық та қойдық. Енді ең көлемді жұмыс қалды - ұзындығы 800 метр негізгі эстакада құрылысы. Ол жолдың үстінде болады. Құрылысшылар қазір эстакаданы арматуралаумен және басқа да жұмыс түрлерімен айналысып жатыр", - деп қосты ол.

"Алтын Орда" базары маңындағы жол айрығының негізгі эстакадасының макеті

Әліпов "таға" типті бұрылу эстакадасының құрылысы жалғасып жатқанын да атап өтті. Ол "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің жанында салынып жатыр.

"Мұнда да бетон құйылып, жұмыстар жүріп жатыр. "Тағаны" көктемге дейін аяқтағымыз келеді, сөйтіп барлық күшімізді негізгі жолға саламыз. Жыл соңына дейін осы нысанды аяқтауымыз керек. Қаржыландыру мен ақша бар, ешқандай проблема жоқ. Құрылыс былтыр болған карантинге байланысты кейінге қалдырылды", - деп атап өтті ұлттық компания төрағасы.

Ол "Алтын Орда" маңындағы жол 2020 жылдың соңына дейін ашылады" деген уәдесі базар алдындағы тоқтаусыз жол қозғалысын кеңейтуді білдіретінін айтты.

"Былтыр желтоқсанда құрылыс барысын тексердім. "Алтын Орда" алдында сегіз жолақты жол салынып, пайдалануға берілді. Онда бұрынғыдай кептеліс қазір жоқ. Базардың маңында көліктер жиналады, бірақ оны кептеліс деуге болмайды, өйткені автомобильдер тұрмайды, баяу жүреді. Эстакада салынғаннан кейін біз сол жерден бағдаршамдарды алып тастаймыз және бұл учаскеде тоқтаусыз жүрдек жол болады", - деп қорытындылады Ұлан Әліпов.

"Асыл Арман" ТК жанында "таға" типті жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі мен бұрылу эстакадасының макеті 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети