21 желтоқсан 2021 | 09:26

"Алтын Орда" маңындағы жолайрық құрылысы неге созылғаны айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев Фото: Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Биыл шілдеде Асқар Мамин "Алтын Орда" базары маңындағы жолайырық құрылысын аралап, құрылысшыларға қарашада тасжолды ашуды тапсырды. Алайда шенеуніктер мен құрылысшылар бұл мерзімде жұмысты аяқтап үлегрмеді. Tengrinews.kz редакциясы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне жүгініп мән-жайды білді.


Иконка комментария блок соц сети

Биыл шілдеде Асқар Мамин "Алтын Орда" базары маңындағы жолайырық құрылысын аралап, құрылысшыларға қарашада тасжолды ашуды тапсырды. Алайда шенеуніктер мен құрылысшылар бұл мерзімде жұмысты аяқтап үлегрмеді. Tengrinews.kz редакциясы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне жүгініп мән-жайды білді.

Ведомство мәліметінше, бастапқыда жолайырық құрылысымен "Дәулет Дорстрой" компаниясы айналысқан. 2019-2020 жылдары мердігердің жұмыс істеу қарқыны төмен болған: жұмысшылар, техника жұмысы баяу, қажетті жол-құрылыс материалдары уақтылы сатып алынбағаны байқалған.

"Жұмыс қарқыны нашар болды, сондықтан биыл сәуірде келісімшарт бұзылды. Жұмыстарды аяқтау үшін "СП Сине Мидас Строй" компаниясы тартылды. Оған қызметкерлерді, техниканы жұмылдыру, сондай-ақ қажет жол-құрылыс материалдарын сатып алу тұрғысынан белгілі бір уақыт қажет болды. Тиісінше, осы жоба бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі жылжыды", - деді комитет өкілі.

Шенеуніктердің айтуынша, "СП Сине Мидас Строй" компаниясымен келісімге 30 сәуірде қол қойылған. Құрылыс мерзімін ұзартудың негізгі себептерінің бірі - өте күрделі технологиялық процестер, делінген ведомство хабарламасында.

Ведомство өкілдері жұмыс қарқынын жеделдету үшін жаңа мердігер ұйым 200-ден аса адам мен 50-ден аса  тетіктерді жұмылдырғанын айтты. 

"Қазіргі уақытта монолит аралық құрылыс жұмыстары аяқталды. Оған шамамен 12 мың текше метр бетон және алты мың тонна беріктігі жоғары арматура жұмсалды. Асфальтбетон жабыны жұмыстары аяқталып қалды. Жол қоршауын монтаждау, темірлерді орнату, жарықтандыру құрылғылары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді шенеуніктер.

Жолды жыл аяғына дейін ашу жоспарланған.

"Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы жарықтандыруды, тосқауыл қоршауларын орнату және уақытша белгілеулерді салу жұмыстары эстакада бойынша қозғалыс ашылғанға дейін орындалады", - деді комитеттегілер.

Еске салайық, 2017 жылы басталған жол құрылысы 2019 жылы аяқталып, тапсырылуы керек болған. Алайда бірқатар себепке байланысты құрылыс жұмыстары созылып кеткен. Оның бірі -  екі жанармай құю станциясының қожайынымен болған сот. Автожанармай құю станциясы биыл наурызда сатып алынды. 

"Алтын Ордадағы" жолайрық салыну барысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да сынына ұшыраған болатын. Тоқаев бұл проблеманы 17 наурызда Алматыны одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңесте көтерді.

Ал былтыр 10 желтоқсанда "ҚазАвтоЖол" мамандары жол құрылысына байланысты жобаның толық аяқталуы 2021 жылға жоспарланып отырғанын хабарлады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети