"Алтын Орда" маңындағы жолайрыққа асфальт төсеу жұмыстары басталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алтын Орда" маңындағы жолайрыққа асфальт төсеу жұмыстары басталды Фото: "ҚазАвтоЖол"

"Алтын Орда" базары маңындағы жолды асфальттау және бетондау жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алтын Орда" базары маңындағы жолды асфальттау және бетондау жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ сайтына сілтеме жасап.

Компания мәліметі бойынша, құрылысшылар "таға" түріндегі жолды асфальттауға кіріскен. Сондай-ақ, олар негізгі магистраль эстакаданы бетондаумен айналысады.

Осы уақытқа дейін негізгі автожол ашылып, жарықтандыру құрылғылары бойынша жұмыстар аяқталған. Бұдан бөлек, темір-бетон плиталарын металл конструкцияларына монтаждау, сондай-ақ металл конструкциялары мен құрылыс қалыптарын монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

"Шілденің басында асфальт-бетон жабынын орнату және абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін "таға" түріндегі эстакада арқылы қозғалысты ашу жоспарланып отыр. Нысанда 100-ге жуық адам мен 15 арнайы техника жұмыс жасап жатыр. Екі ауысыммен жұмыс ұйымдастырылды", - деді "ҚазАвтоЖол" өкілі.

Нысанды аяқтау 2021 жылғы қазанға жоспарланған және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың ерекше бақылауында.

"Мемлекет басшысы 2021 жылдың қазанында эстакада салумен "Алтын Орда" базарының жанындағы Алматы - Бішкек автожолының жүру бөлігін кеңейту бойынша күрделі жөндеуді аяқтау қажеттігі туралы тапсырма берді", - делінген компания хабарламасында.

Сурет: "ҚазАвтоЖол"

Еске салайық, 2017 жылы басталған жол құрылысы 2019 жылы аяқталып, тапсырылуы керек болған. Алайда бірқатар себепке байланысты құрылыс жұмыстары созылып кеткен. Оның бірі -  екі жанармай құю станциясының қожайынымен болған сот. Автожанармай құю станциясы биыл наурыз айында сатып алынды. 

"Алтын Ордадағы" жолайрық салыну барысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да сынына ұшыраған болатын. Тоқаев бұл проблеманы 17 наурызда Алматыны одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңесте көтерген. 

Ал былтыр 10 желтоқсанда "ҚазАвтоЖол" мамандары жол құрылысына байланысты жобаның толық аяқталуы 2021 жылға жоспарланып отырғанын хабарлады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети