21 тамыз 2019 | 18:13

"Алтын Ордадағы" жол айырығының құрылысы неге созылып кетті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазАвтоЖол" ұсынған эскиз "ҚазАвтоЖол" ұсынған эскиз

"ҚазАвтоЖол" Алматыдағы "Алтын Орда" базары маңындағы жол айырығының құрылысы неге созылып кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Almaty.tv.


Иконка комментария блок соц сети

"ҚазАвтоЖол" Алматыдағы "Алтын Орда" базары маңындағы жол айырығының құрылысы неге созылып кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Компанияның мәлімдеуі бойынша, олар базар мен автожанармай бекетінің басшыларымен өтемақы сомасы бойынша келісе алмаған. Бұл іс қазір сотта қаралып жатыр. Алматы маңындағы жол айырықтың құрылысы 2017 жылдың соңында басталған. Жобалаушылар осы арқылы "Алтын Орда" базарының маңындағы қозғалысты азайтуды көздеген. Алайда екі жыл өтсе де, жүргізушілер өзгеріс көре алмай отыр. Жолда автокөлік кептелісі артқан. Автокөлік жүргізушілерінің сөзінше, күздің келуімен жағдай одан да нашарлай түседі. 

Төрт шақырым аумақты қалпына келтіру жұмыстары жеке базарлардың кесірінен тоқтап қалған. Базар басшылары қосымша кіріп-шығу жолын салуды сұрап отыр. Ал автожанармай бекетінің басшыларына өтемақы сомасы ұнамаған. Қазір олардың ісі сотта қаралып жатыр. "ҚазАвтоЖол" компаниясы жұмыстың бітпегенін, құрылыстың 60 пайызы аяқталғанын айтты. 

"Биыл Ақсай өзені мен Іргелі ауылына дейінгі аумақты ашамыз. Оны толық тас жолы қыламыз. Бұрылуға арналған эстакаданы да биыл өткіземіз - мұның бәрі 2019 жылдың жоспары. Қыста негізгі эстакаданы аяқтаймыз, ал көктемде жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өткелі дайын болады", - деді "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаев. 

Алматы - Бішкек жолындағы айырықтың құрылысымен 200-ге жуық адам мен 50 арнайы техника жұмылдырылған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети